Облыс әкімі оңтүстікқазақстандықтардың атынан 11 миллионшы сәбиге тұлпар мінгізді. Өңір басшысының ыстық лебізін, аудан әкімі жеткізіп, сыйлықты ата-анасына тапсырды.

11 миллионыншы қазақ тұлпарға отырды
11 миллионыншы қазақ тұлпарға отырды

Өткен жылдың 28-желтоқсанында киелі Қазығұрт ауданы, Қарабау аулында дүниеге келген Мұхтар Әбдірахым — Бадамбаевтар отбасының кенжесі. Осылайша, демографиялық өсімі жағынан республикада алдыңғы орында келе жатқан Оңтүстік өңірі тағы да елге үлгі болды. Қазіргі таңда, әлем бойынша қазақтың саны 16 млн-ға жетіпті.

сәби ата-анасымен
сәби ата-анасымен

Мәлік Бадамбаев, Мұхтар Әбдірахымның әкесі: «Кешеле бері қуанышты жаңалықты естіп қуанып қалдық. Ең бірінші болып, мектеп ұжымы құттықтап кетті. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын аудан әкімі әкелді. Қуанышымызды бөліскен баршаңызға рахмет. Құдай қаласа, қазақтың санын көбейтуге тағы да ат салысамыз».

Мұхтар Әбдірахымның анасы Шолпанның қуанышында шек жоқ
Мұхтар Әбдірахымның анасы Шолпанның қуанышында шек жоқ

Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда қазақстандықтардың жалпы саны 17 млн-ға жақындап қалды. Дәлірек айтқанда 16 млн 967 мың адам. Ал, жалпы халықтың 54,9 пайызы қалада, 45,1 пайызы ауылдық жерлерде тіршілік етіп жатқан көрінеді. Республика тұрғындарының 11 млн 58 мыңнан астамы қазақтар. Яғни, оның  65,2 пайызы қазақ.

Еліміздегі ұлты қазақ 11 миллионшы азаматтың анасы қарапайым мұғалім. Мұхтарға дейін бір қыз, екі ұлды дүнеге әкеліпті. Басқа балдарына қарағанда кенжесінің жуас екенін айтты. Толғағыда қатты болмапты.

бес айлық Мұхтар
бес айлық Мұхтар

Шолпан Күдірбекова, Мұхтар Әбдірахымның анасы: «Баламның бүкіл елге қуаныш сыйлайтынын білмедім. Еліміз біздің ұлды аспанға көтерді, тұлпарға отырғызды. Әр қазақтың отбасына дәл осындай қуаныш сыйлаймын. Біздің ғана емес, елінің абыройын өсіретін үлкен жігіт болсын деп тілеймін».

Ең бастысы оңтүстіктің абыройын тағы бір асқақтатқан Мұхтарға көз тимесін деп тілейік!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5_gCkwDzxWc[/youtube]