Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42 пайыздан асып кетті

25
қарттар үйінің тұрғындары үшін 4 мезгіл тамақтану кестесі ұсынылған

Былтыр жыл соңында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары ұзақ мерзімді демографиялық  болжам жасады, деп хабарлады Finprom.kz. Бұл құжатта сарапшылар 2050 жылға дейін халық санының өсуінің үш ықтимал сценарийін есептеді — базалық, оптимистік және пессимистік.

Барлық үш даму сценарийі бойынша Қазақстандағы демографиялық жүктеме жоғары деңгейде қалады. Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай өсті. Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 740 қарт пен баладан келеді.
Туу мен қайтыс болудың қазіргі өсу үрдістерін ескере отырып, яғни базалық сценарий бойынша жалпы тәуелділік коэффициенті алдымен төмендейді: 2025 жылға қарай — 712-ге, 2035 жылға қарай — 681-ге дейін. Болашақта өсімді күтуге болады.
Ал 2050 жылға қарай жұмыс істейтін мың адамға шаққанда 773 тәуелді адам болмақ.
Жалпы, Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асып кетті. Бұған соңғы жылдардағы бэби-бум және халықтың қартаюы ықпал етті.