Оңтүстік қазақстан облысында ірі лауазымды шенеунік тұтқындалды. Аудан, қала әкімдігінің тағы бірнеше қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әзірге күдіктілерден тек Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомибиль жолдары басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың тұтқынға алынғаны мәлім болды.
Кем дегенде тағы үш шенеунік осы іс бойынша күдікті ретінде өтіп отыр. Лауазымды тұлғалар жөндеуді қажет етпейтін Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ тас жолын қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлдірген.