Облыстық опера және балет театрының ғиамаратында Республикалық әйелдер форумы өтіп жатыр. Тәуелсіз Қазақстанды бастамашыл, іскер әйелдерсіз елестету мүмкін емес,-дейді оған жиналған ОҚ, Қызылорда, Жамбыл облысының қыз-келіншектері.
Мемлекеттің өркендеп, дамуына үлесін қосуда саясаткер, іскер әйелдердің орны бөлек екенін жиынға қатысқан ер азаматтар да айтпай қалған жоқ. Форум жұмысын Президент кеңесшісі, Елбасы жанындағы әйелдер істері, отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова және облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов ашты.
Әйелдердің белсендігі мен тәжірибесі барлық салада басым болып отырған Оңтүстік Қазақстанда аталған форумның ұйымдастырылуы тегін емес. Бүгін форум аясында әйелдердің саясатқа тартылуы, отбасы құндылықтары тақырыбында практикалық семинарлар мен секциялық сабақтар өтеді.