Гүлшара Әбдіхалықова халықты жұмыспен қамту орталығында болды

485
Гүлшара Әбдіхалықова халықты жұмыспен қамту орталығында болды

Сәуір айы басталғалы атаулы әлеуметтік көмекке бүгінгі таңда 12 691 адам құжат тапсырып, 24 мыңға жуық адам кеңес алды. Бұл туралы ҚР премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарымен кездесуінде мәлім болды.

Вице-премьер атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруге жиналған қала тұрғындарымен де кездесті, ұсыныс-талаптарын тыңдады. Айта кетейік, сәуір айында дайындалған құжаттар айдың аяғына дейін қабылданады. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Гүлшара Әбдіхалықова халықты жұмыспен қамту орталығында болдыАйта кетейік, орталықта цифрлық кабинет жұмыс істейді. Онда аптасына 3 рет цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін мыңнан аса адам оқып, мемлекеттік қызмет алудың қыр-сырымен қаныққан.Гүлшара Әбдіхалықова халықты жұмыспен қамту орталығында болдыЖыл басынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналаған «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 125, жастар практикасына 1 жарым мыңға жуық, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1200-ден аса, тұрақты жұмыстарға 3 мыңға жуық, мүгедектерге квота бойынша жұмысқа 200-де аса азаматқа жолдама берілді дейді орталық мамандары. Аймаққа арнайы келген ел премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова көпбалалы отбасылардың жай-күйімен танысуды да ұмыт қалдырмады. Атаулы әлеуметтік көмек алып, кәсібін ашқан отбасында болып, көп балалы аналармен де кездесті. Гүлшара Әбдіхалықова халықты жұмыспен қамту орталығында болды