Ең алғашқы Байтанаев оқулары. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Инстутында профессор, филология ғылымдарының докторы Әбіш Байтанаевқа арналған ғылыми-практикалық оқулар болып өтті. Әбіш Байтанаевтің халыққа берері мол болған. Ол педагогика институтының іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі. Бүкіл ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ұлы археолог саналы ғұмырында көптеген еңбектерін басып шығарды.
Әбіш Байтанаевтің еңбектері кітапханаларда айрықша құрметтеледі. Оның жазбалары әсіресе Абай, Әуезов шығармашылығын зерттеп жүрген филолог студенттер үшін таптырмас көмекші. Ғалымның аты құнды зерттеулерді жазып, археологияда өшпейтей із қалдырғанымен шектелмейді. Ол әрі бүтін бір оқымыстылар отбасын тәрбиелеп шыққан отағасы. Бүгінде аты аңызға айналып үлгерген архелог Бауыржан Байтанаев сол асылдың сынығы.
Бауыржан БАЙТАНАЕВ, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры: «Біздің отбасында жеті адам кандидаттық диссертация қорғаған. Біз сол үшін, бізді ғылымға кішкентайымыздан баулыған әкемізге қарыздармыз».
Таяуда ғана археолог Бауыржан Байтанаев Сайрам ауданындағы Сайрам ауылынан алтынның үлкен қорын тауып, қазақтың түп-тұқиянын онан әрі кеңейтуге жол ашты. Жалпы, бала Байтанаевтың да археология ғылымы үшін сіңірген еңбегі көп. Соңғы олжа ежелгі монша мен 3 мыңға жуық алтын-күміс монеталар.
Жақсының аты өлмейді… Байтанаев мұрасы әлі де көптеген талқылау мен зерттеулерді қажет ететін тақырып екені даусыз. Ол қалдырған мұралар талай ізденуші мен ғалымға азық болары сөзсіз. Өйткені ғалымның хаты өлмейтіні бесенеден белгілі емес пе?!