Оңтүстікте техникалық байқаудан өтті деген 500 жалған куәлік анықталған

224
Облыста 453 мың көлік құралдары есепке алынған

 

Облыста 453 мың көлік құралдары есепке алынған
Облыста 453 мың көлік құралдары есепке алынған

ОҚО техникалық ахуалы тексеруді қажет ететін көліктердің 28 пайызы байқаудан өткен. Күн санап техбайқаудан өтуге ниеттенгендердің саны өсіп отыр. Дегенмен әлі күнге дейін жалған куәлік жасайтындар тиылған жоқ. Сала мамандары жыл басынан бері техникалық байқаудан өтті деген 500 жалған куәлікті анықтапты және талапқа сай келмеген бір бекет реестрден алынып жұмысы тоқтатылды. 

Бүгінге дейін техникалық байқаудан өткен 108 мың көліктің 12 мыңы сынақтан өтпей кері қайтарылған. Мұның негізгі себебі көліктердің техникалық байқауына деген қатаң тәртіп дегенді айтады мамандар. Ал қаладағы бір ғана Әуесхан техникалық бекеті 2500 көлікті кері қайтарыпты.  

ОҚО тап осындай 27 бекет бар. Олар көбіне қулығын әккі әрекеттерімен байланыстырып отырады. Ал мұндай құйтырқылық жасайтын бекеттер көлік бақылайтын құқықтарынан айырылыпты. Инспекция мамандарының рейдтік шараларының арқасында 500 жалған куәлік анықталып тәркіленді.

Облыста 453 мың көлік құралы есепке алынған. Оның 383 мыңы техникалық байқаудан өтуі тиіс. Әзірге жоспар 28 пайызға орындалды. Бұл республика бойынша жаман көрсеткіш емес. Бірақ мамандар арқаны кеңге салмайды. Әрбір бекет жіті бақылауда болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N_UX1G3TeXs[/youtube]