Оңтүстік республикадағы туризмнің ордасына айналуы мүмкін. Бұл елдің бас сызбасы бойынша жасалған болжам. Бұл туралы Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры Салауат Дембай Оңтүстікке жасаған сапарында айтты.
Айтуынша, 2010 жылдан бастап жүйелі жасалып келе жатқан елдің бас жоспары биыл бекітілуі тиіс. Сондықтан өңірлерге сапар жасап, соңғы ұсыныс пікірлерді тыңдап жүр.
Елдің Солтүстік аймағын аралаған меймандар мұнан соң Қызылордаға жол тартты.
Салауат ДЕМБАЙ, ҚР Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры: «Бақытжан Әшірбаев мырзаның ұсынысы бойынша туристік кластер саласында біз ойлаймыз өте қызықты да, маңызды да мәселе. «Үш Т» деген Тараз, Түркістан, Ташкент. Орталығы — Шымкентте. Орталықта отырып, тарихы да мол, сәулеті де ерекше қалаларға саяхат жасату жұмыстары қолға алынбақ. Бұл теория енгізілді. Елдің бас жоспары бекітілгеннен соң Оңтүстікті туризмнің орталығы болуына атсалысамыз».