Ішімдікке сылқия тойып алған полицей қаладағы шағынаудандардың біріне шу шығарып, тұрғындардың мазасын алған. Оқиға болған жерге жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне азамат қызметтік кәулігін көрсетіп жайына қалдыруды талап еткен.
Өзін құжаты бойынша тәртіп сақшысымын деп таныстырған ол құқық қорғаушыларды балағаттап та үлгерген. Қоғамдық орында шу шығарған азамат наркологиялық орталыққа жеткізілді. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MWd1W55-9Kk[/youtube]