Ұялы байланыс тұрғындардың мазасын алды

454
Самалдықтар осы ұялы байланыс антеннасынан қауіптенеді

 

Самалдықтар осы ұялы байланыс антеннасынан қауіптенеді
Самалдықтар осы ұялы байланыс антеннасынан қауіптенеді

Самал шығынауданында тұратын бір топ тұрғынның арасына жік түсті. Сол маңдағы үйлердің бірінің қожайыны ауласында ұялы байланыс бағанын орнатуға рұқсат еткен. Ал, одан зиянды өрістің тарайтынын айтқан көршілері жан-жаққа арызданып, бас ауруына шалдыққанын айтады.  

Самал шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласына орнатылған антенналар көрші үйлердегі тұрғындардың зәресін алып отыр. Ұялы байланыс қондырғысының кесірінен қауіпті кеселге шалдығудан қауіптенеді.

Алпысбай Бөлетов, тұрғын: «Оқу жылы басталғалы бері балаларымыздың басы ауырып жатыр. Басым ауырды деп 1,5 ай сабаққа бармай қалған күндері де болды. Әрине антеннаның зиянды әсерінен. Біздің де басымыз ауыратын жағдайға жетті».

Санитарлық қадағалау мекемесі азаматтардың арызы бойынша бұған дейін де сараптама жасаған. «Антеннаның денсаулыққа зияны жоқ» деген қорытынды шығарыпты. Алайда тұрғындар бұл жауапқа сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан да қайтадан тексеріс жүргізіліп, құзырлы қызмет нақты жауабын берсін дейді.

Людмила Федорова, тұрғын: «Бүгін біз тұрғындардың арызымен қайта тексеріске шықтық. Өткен жолы қондырғының зияны нормадан жоғары болмаған. Енді осы жолғысын жан-жақты тексеріп көреміз».

Ендігі жерде тұрғындар санитарлық қадағалау стансасының қызметкерлерінен жауап күтеді. Айта кету керек, антеннаның қожайындары Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторлары.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8LVoE8fDiDk[/youtube]