Фиркан Ситиде ұтыс ойнатылды

 

Фиркан Ситиде ұтыс ойнатылды
Фиркан Ситиде ұтыс ойнатылды

«Фиркан Сити» ойын-сауық отауында кезекті ұтыс лотереясы өтті. Астананың туған күнімен тұспа-тұс келген бұл шараға жиналған адамдардың саны мыңға жетіп жығылды. Ұтысқа қатысушылардың бәрі сыйлықсыз қалмайтынына үміттенді. Ойынға әртүрлі тұрмыстық техникалар мен бас жүлде автокөлік тігілді.

Лотереяға қатысушы адамдар алаңға ұтыс ойыны басталмас бұрын жиналды. Біреулер орталыққа мерекелік көңіл-күймен кірсе, балалары уақыттарын ойын залында өткізді. Ал дәл орталық алаңда бас жүлде — шағын «Лада-Приора» тұрды.

Сечкин Печкин, «Фиркан-Сити» ойын-сауық ортылығының директоры: «Біздің сатып алушылар арасында мұндай ұтыс ойындарын өткізу дәстүрге айналған. Бұл лотерея Астананың туған күініне түспа-тұс келіп, нағыз мереке болды. Ұтыс ойынына қатысқандарға алғысымызды білдіреміз. Осы орайда барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, аспаны ашық, жұмыстарына табыс тілеймін.

Лотереяның талабы бойынша әрбір ұтыс билетін қатысушы нөмір бойынша алып тұрды. Біреулердің қоржынына кір жуғыш машинасы түсіп, қуанып жатты. Дәл осы кезде бас жүлде Лада-Приора автокөліктің иесі де жария етілді.

Ерлан Асылханов, қала тұрғыны: «Менде бір ғана билет бар болатын. Машина ұтып аламын деген ой мүлдем кіріп шықпапты. Ойынның соңында кетейін деп жатқанмын. Шығар есіктен менің билетімнің номерін айтып жатқанын есітіп таң қалдым».

Ендігі ұтыс ойыны орталықтың туған күніне орай 15-қыркүйекте өтетін болады. Лотереяға түрлі тұрмыстық техникалар мен тағы да бас жүлде автокөлік тігіледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IO9zkZgW6U0[/youtube]