Күмісбек ОРАШОВ
Күмісбек ОРАШОВ
Күмісбек ОРАШОВ

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Күмісбек Әшірбайұлы Орашов тағайындалды.

Басқарманың жаңа басшысы К.Ә. Орашов 1964 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик.

Еңбек жолын В.И.Ленин атындағы Ульяновск көлік зауытының ІІІ разрядты слесарі болып бастаған. 1985- 1995 жылдары №3 Шымкент көлік комбинатының ІІ разрядты слесарі, Ленгір қаласы жүргізушілер дайындайтын мекемесінің мұғалімі, Сайрам ауданы «Коммунизм» колхозы автопаркінің механигі, Шымкент мұнай қоймасының ІІ разрядты операторы болған. 1995-2012 жылдары «Көктем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанар-жағармай бекетінің ІІ разрядты операторы, «Идеал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің смена бастығы, коммерциялық директоры, «Строй-Сервис-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы болып еңбек етіп келеді.

Еске сала кетейік, аталған басқарманың бұрынғы басшысына қазына қаржысын жымқырды деп айып тағылып, қамауға алынған болатын.