ОҚО мұрағаты шетелдік құжаттармен толықты

Қазіргі таңда облыстық мұрағатта 400 мыңнан аса құжат сақталуда
Қазіргі таңда облыстық мұрағатта 400 мыңнан аса құжат сақталуда
Қазіргі таңда облыстық мұрағатта 400 мыңнан аса құжат сақталуда

Оңтүстіктегі мұрағаттың қоры Мәскеу, Орынбор және Ташкенттен әкелінген тың тарихи деректермен толықты. Көрші елдерден 14 мыңға жуық құжаттар әкелінген. Оның ішінде 10 мыңнан аса құжат көшірме ретінде әкелінсе, 3,5 мыңдай құнды дерек баспа және фото түрінде сақталып отыр. Мәдени мұра аясында іске асып, 2004 жылдан бері әкелініп жатқан құжаттарды шетелден алдыру оңайға соқпаған.

Айдын Исатаева, облыстық мұрағат басшысының орынбасары: «Мысалы үшін, Ташкент қаласынан біздің зиялы қауымның — Асфендияров, Досмұхаммедов, Рысқұлов сияқты азаматтарымыздың біраз деректерін алып келдік. Оған өзімізде жеке қор ашылған. Соны толықтырып жатырмыз. Орынбордан 20-25 жылдардағы кезең, Орынбордың біздің астанамыз болған кезеңнен деректер алып келдік».

Мұрағатшылар әкелінген құжаттарды баспасөз беттерінде жариялауды енді қолға алмақ. Осы ретте олар тарихшыларды бірлесе жұмыс жасауға шақырып отыр. Шетелден жеткен құжаттар толық зерттеліп, зерделенсе, Қазақ тарихы өзге де тың деректермен толығатынына сенімді. Айта өткен жөн, облыстық мұрағатта қазіргі таңда 400 мыңнан аса құжат сақтаулы.