Ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу міндетті

40
фото Серпер

Мемлекеттік кірістер комитеті ел ішінде қандай тауарларға ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу қажеттігін   атап өтті.

Ведомство 1 сәуірден бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енетінін ескертті, олар:

– «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;

– «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.

Қалған тауарлар бойынша тауарларға іліспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен реттеледі.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Айта кетерлігі, тауарларға іліспе жүк құжаттарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен: esf.gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында рәсімделеді. Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін.

«Виртуалды қойма» модулін қолданбай тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда «Тауар ВҚ емес» таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін

Тауарларды «Виртуалды қоймаға» кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау)

Толық пайдаланушы нұсқаулығы «ЭШФ АЖ» бөлімі «ЭШФ АЖ» бойынша құжаттар» қойындысы – «Пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеу)» kgd.gov.kz  сайтында орналастырылған.

Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7(7172)72-78-72 телефон линиясы бойынша 24/7 режимде жұмыс істейді.