Ауыл әкімдерін сайлауды бірінші болып бастаған оңтүстік қай жаңалықты да жатырқамай қабылдайтынын тағы байқатты. Бұрын соңды, облыс билігінің келісімімен аудан әкімдері тағайындайтын. Енді, ауыл әкімдерін халық қалаулылары сайлап жатыр. Бір ғана Сайрам ауданында 17 ауыл-аймағы бар. Оның әрқайсысына 2 үміткерден тіркелген.
Раушанбек Хайкенов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты: «Біз елге адал қызмет ететін жақсы кісілерді таңдап жатырмыз».
Десе де, барлық кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесіп, сайлау алды бағдарламасымен таныстырған. Ауылдықтардың аманаты мен сенімін арқалаған халық қалаулыларының таңдауы түстен кейін белгілі болады.