Әкімдікте әйелдер саны артты

247
әкім әйелдер көбейе бастады
әкім әйелдер көбейе бастады
әкім әйелдер көбейе бастады

Оңтүстік өңір үшін ерекше жағдай, осы сайлауда әкім болып сайланған әйелдердің саны артты. Яғни, бұрын 2 әйел ғана әкім болып келсе, осы жолы олардың саны 8-ге жетіп отыр.

Жалпы, әйелдер арасынан әкімдікке үміткер болғандардың саны 26 болған. Кешегі өткен науқанда облыстағы 189 ауылдық окугтің әкімідері түгел сайланған.

Тағы бір айта кетерлігі, 4 ауылдық округте әкім 1 дауыс айырмашылығымен жеңіске жеткен. Байқаушылардың саны 199 болды.

Астанадан келген байқаушы Есенжол Алияров сайлаудың ашық әрі әділ өткенін мәлімдеді.

Қазақстанда мұндай сайлау бірінші рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн. Бұған дейін еліміз бойынша ауыл әкімдерін облыс әкімшілігінің келісімімен аудан басшысы тағайындап келген болатын.