Дауды медиация арқылы шешуге болады

дөңгелек үстел барысы

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының залында «Медиацияны пайдалану мүмкіншіліктері» атты дөңгелек үстел өтті. Шара дауды сотқа дейін шешу институттарын дамытуға бағытталған. Жиында медиация жөнінде халыққа түсіндіру жайы сөз болып, жер-жерлерден бөлімдер ашу керектігі айтылды.

дөңгелек үстел барысы
дөңгелек үстел барысы

Медиацияның негізгі жұмысы өзара дауласқан адамдарды бітімгершілікке шақыру. Қазір осы мақсатта облысымызда 16 адам жұмыс істеуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге дейін көбейген.

«Қарапайым халық пен шалғай аудандарда тұратын отбасылар медиацияның жұмысын біле бермейді, болмашы жайтпен сотқа арызданып жататындар көп. Сот орнына тапсырып 2 -ай шешім күткенше, олар бізбен хабарласып, істерін біз арқылы шешкен өте тиімді» – дейді кәсіби медиатор Элмира Есимбетова.

Айта кеткен жөн, медиацияның ісін оқытатын жалғыз оңтүстікте ғана арнайы мектебі бар. Оған заңгерлік білімі бар, денсаулығында ақауы жоқ тұлғалар ғана оқуға тіркелсе, кәсіпқой емес медиацияға жасы 40-тан асқан, сөзі өтімді, жүйкесі мен денсаулығында ауытқу жоқ тұлға тіркеле алады. Осындай оқулардың арқасында халықтың дау-дамайын шеше алатын медиарторлардың санын көбейту керектігі де айтылды.