Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер С.-ға заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы азаматтық іс қаралды. Талап қоюшы өзінің арызында, қалада жер телімін сатып алғанын. Алайда, шамалы уақыттан кейін аталған жер учаскесіне жауапкер құрылыс соққанын анықтағанын көрсеткен.
Істі қарау барысында судья тараптарға дауды бітімгершілік келісім немесе медиация рәсім шеңберінде шешу құқығын түсіндіре отырып, осы келісімнің артықшылығы мен құқытық салдарын атап өтті.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түзіп, ол бойынша тараптар жер учаскелерін бір-бірінің атына ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін рәсімдеуге, сонымен қатар жауапкер талап қоюшының заңгер көмегіне жұмсаған 50 000 теңгені 1 маусымға дейін төлеп беруге міндеттенді.
Сот тараптар арасында түзілген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және де талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген







