Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «К.» ЖШС-нің жауапкер «С.» қоғамдық бірлестігінен қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы мен жауапкер арасында спорттық жабдықтарды жеткізу туралы шарт жасалған, алайда жауапкер сомасы 22 млн 119 мың теңге тұратын тауарды қабылдап алып, белгісіз себептермен 1 жыл көлемінде төлем жасамаған.
Сот, істі даярлау барысында тараптарға татуласу құқығын, оның ішінде сотта татуласудың тиімді тұстарын түсіндіргеннен кейін, тараптар татуласып, дауды өзара медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Медиация шартына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 22 млн 119 млн теңге көлеміндегі берешекті ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін төлеуге міндеттелді. Тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды, талап қоюшыға төленген 654 мың теңге баж сомасы қайтарылды. Ұйғарым заңды күшіне енген







