Емдік бал көрмесі өтті

624
емдік бал көрмесі өтті

 

емдік бал көрмесі өтті
емдік бал көрмесі өтті

Шымкентте тағы бір ерекше көрме бастауын алды. Қалада орналасқан Әл Фараби сауда орталығында емдік бал көрмесі өтіп жатыр. Түрлі дертке шипа болған тәттінің бұл көрмесі қалай өткенін біз де көрдік.

Шымкент бүгін расымен де тәттілікке бөленді. Балдың сан түрі көз жауын алады. Көрмеге жабайы ара балы, балауыз, бал сүті, балқарағай мен тау гүлдерінен жиналған бал қойылыпты. Аталған өнімнің пайдасы туралы әркім-ақ біледі. Дегенмен мамандар пайдалы екен деп балды мөлшерден тыс қолдануға да болмайды дегенді айтады.

Денис Высоцкий, сатушы: «Гүл тозаңынан жасалған бал өте пайдалы. Оны көз аурулары, қан аздығы және ағзадағы зат алмасуын жақсартуда пайдаланады. Күнделікті шай қасық мөлшерінде қолданылған балдың денсаулыққа пайдасы мол. «Пасека Калашникова» өнімдерінің көрмесі осымен үшінші рет ұйымдастырылуда. Ресей, Қиыр Шығыс, Башқұртстан мен Воронеж облыстарынан жиналған балдың 20 түрін тұтынушыларға ұсынып отырмыз. Сұраныс жоғары. Тапсырыс да жеткілікті».

Көрмеге тек бал ғана емес, табиғи джемдер де қойылыпты. Жеміс жидектерден жасалған тәттілердің дәмі тіл үйіреді. Ал «Шығыс тәттілері» композициясында — Рахат лукум, нуга, парварда, ассорти сияқты түрлі тәттілер дастарханыңыздың ғана сәні емес, сырқатыңызға да дауа болары сөзсіз.

Денис Высоцкий, сатушы: «Мұндағы халуаның түр-түрі күнбағыс және күнжіт майынан жасалған. Халуаның құрамында калий, кальций көп. Сондықтан да ол буын және қан тамыры жүрек ауруларына жақсы ем».

Көптің назарына ұсынылған аналық бал арасының сүті, дәрілік өсімдіктер сығындысы талай ауруларға ем. Шипасы мол балды сатып алам деушілер Темірлан тас жолы бойында орналасқан әл Фараби сауда орталығына келулеріне болады. Көрме 22 тамыздан 1-қыркүйекке дейін жалғасады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X97Qw0DomNI[/youtube]