Оңтүстікте күріш қымбаттады. Бұл Қызылордағы ақмаржан бағасының өсуіне байланысты дейді сатушылар. Ал ондағы құнның көтерілуіне қамбадағы күріш қорының азаюы себеп болса керек. Осыған байланысты базардағы ең арзан күріш 180-нен кем емес.
Гүлдар Қосанова, сатушы: «Бір ай бұрын Қызылорданың күріштерін, ең қымбатын 125-130-дан алдық. 100 теңгеден де алдық. 110-105-тен алдық. Мысалы, Жетісайдың күрешітерін 130-дан алдық ең жоғарғы баға мысалы. Данный момент 165 теңгеден алып жатырмыз Жетісайды. Қызылорданың ең төменгі бағаларын 140-160-қа дейін алып жатырмыз».
Десе де, күріш 200-дің үстіне шығып кетіпті деп саудаламай жатқан Шымкенттікті көрмейсіз. Айтқа дайындалған тұрғындар қымбат болса да сатып алып жатыр.
Ал бұл кезде Қызылорданың әкімі Қырымбек Көшербаев күріштің шаруалардан сатып алу бағасы 40 теңгеден кем болмауы шарт дегенді айтты. Өйткені, арадағы алыпсатарлар шаруадан ақмаржанды өте арзан алып, базардағы сатушыларға қымбат сатып жатыр дейді.
Алыпсатарлардың пысықтығын Оңтүстіктегі күріш құнынан да көруге болады. Сатушылар соңғы төрт жылда күріш бағасында мұндай қымбаттау болған емес дейді. Олар ақ маржанның жаңа тұқымы пісіп-жетілген уақытта дәнді-дақыл арзандайды деген үмітте.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eg2ppVIXQQc[/youtube]