Суға шомыламын деп жұқтырып алмаңыз

Бүгінде облыс бойынша 45 ашық су көзі төтенше жағдайлар департаментінің қадағалауында

Тері-венерологиялық диспансерге емделу үшін баратындардың саны жаз айларында артып отыр. Олардың көбі суға шомыламын деп терісі бөртіп кеткеніне шағымдануда. Қышыма, қотыр сынды ауру түрлері ашық су көздері мен көпшіліктің қолданысындағы бассейндерден жұғатыны рас.

Бүгінде облыс бойынша 45 ашық су көзі төтенше жағдайлар департаментінің қадағалауында
Бүгінде облыс бойынша 45 ашық су көзі төтенше жағдайлар департаментінің қадағалауында

Бүгінде облыс бойынша 45 ашық су көзі төтенше жағдайлар департаментінің қадағалауында. Оның екеуi ғана жыл он екі ай жұмыс істесе, қалғандарының қыс келгенде қақпаларына қара құлып салынады. Төтеншеліктер су нысандарын тек жоспар бойынша тексеруге ғана құқы бар. Егер апта, ай са­йын тексеріп келсе, кәсіпкердің құқығына қол сұққан болып саналады. Күн сайын қаптаған жұрт келіп-кететін бассейн­дердің барлығында бірдей тазалық талаптары орындала бермейтіні көрер көзге ұрып тұрады. Санитарлық талапты суға хлор салу деп қана білетін қайсыбір демалыс орындарында хауыздағы су аптасына әрең ауысады. Оны бассейн жағ­асына тұнып қалған кір-қоқыстан-ақ байқауға болады. Онсыз да бүгінде тері-венерологиялық аурулардың өршіп тұрған кезі. Ылғалды жерде оның тез жұғатыны тағы бар. Есесіне осы бассейндер ауру ошағы болуы да бек мүмкін. Хауыздарда тұтынушыдан медициналық анықтама талап етілетіні белгілі. Алайда, бұл талап бүгінде тағы да бір сауданың көрігін қыздырып жіберді. «Аурудан ада» деген анықтама алу түкке тұрмайды қазір. Ақысын төлесеңіз болғаны, қажетті қағазды дәрігер қолыңызға ұстатады. Ал аптаған ыстықта Сіз бен бізді жан рахатына бөлейтін хауыздан тиісті тазалық талаптары сақталмаған жағдайда түрлі дерт жұқтырып алуымыз ғажап емес.

Теміреткі

Теміреткі – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергиялық жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез-келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады.

Теміреткі
Теміреткі

Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті, диаметр 2 – 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы табақшалар құрайды.Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам, әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына, ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады.

Сифилис

Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микрос-коппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Дене қызарады, жара пайда болып кейіннен іріңдейді. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қырылдап қалады. Адамның басы ауырып қызуы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз. Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айырылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик – пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі (Репіsеllinum). Сифилис жүкті анадан туылатын балаға тарайды. Бала сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.

Қышыма қотыр

Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын «қаза» бастайды. Ұрғашысы сол өзі «мекендеген» тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Қышыма қотыры бар адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады.

Қышыма қотыр
Қышыма қотыр

Тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да қышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін. Дененің кей тұсы бой бермей дуылдап қышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды. Қышыма қотырдан аман болудың басты жолы тазалық.

Лямблиоз

Бұл құрттар ұлтабар және ащы ішектің жоғарғы бөліктерінде өмір сүреді. Сондықтан да негізінен гастродуоденит, дуоденит, энтероколит белгілерімен сипатталады. Кейде өткір холецистит белгілеріне ұқсас ұстама түріндегі ауырсыну белгілері байқалады.

Лямблиоз
Лямблиоз

Бала организмінің созылмалы улану белгілері анықталады: тәбеті төмендеу, тері қабатының бозаруы, әлсіздік, тез шарша-ғыштық, салмақ төмендеу т.б. болады. Анық диагноз ұлтабар сөлінде және нәжісте лямблялар табылған жағдайда бел-гілі болады.

Мақпал РЫСБАЕВА