Тәртіп бұзып, заңды белшесінен басқан мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі майшаммен қаралды.Тәртіптік кеңес отырысында тұрғындардан түскен арыздарға дер кезінде жауап бермеген басшылар «қатаң сөгіс» алды. Ал Сарыағаш, Түлкібас, Созақ аудандарының бірнеше бөлім басшалыры»қызметіне сай емес» деп танылды.

snapshot20130801180520

Ә дегеннен-ақ жеті мәселені жіпке тізген тәртіптік кеңес, кей мемлекеттік қызметкерлер берген анты мен халық алдындағы міндетінен жаңылғанын алға тартты. Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округінің әкімі «тәртібі» үшін ғана емес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын бұзғаны үшін тезге түсті. Қаржы полициясы өкілінің сөзіне қарағанда, ауыл әкімі жер сұрап келген кәсіпкерден ақша сұраған көрінеді. Кәсіпкерге қажет 1 гектар ға тағы да 20 соттық жерді қосып беремін, сосын өзіме қайта аударасын деген екен. «Мұның барлығы таспаға да жазылыпты. Сондай-ақ, мұның бәрі тегін болмайды 1 млн. теңгесі аудандық әкімге, 500 мыңы менің ақым болады дептіміс. Сақтықта қорлық жоқ сен айып етпе, үстіңді тексеремін деп біліп қойып, отказ берген» дейді қаржы полициясы.

Десе де қылмыс болмағандықтан, қылмыстық іс те қозғалмаған. Тек қатаң шара көрілсін деп, осы кеңеске ұсынған қаржы полициясы екен. Ал ауыл әкімі Сауранбек Таңатбаев ешқандай заңды бұзбадым дейді.

кәсіпкерден ақша алмақ болды деген ауыл әкімі осы
кәсіпкерден ақша алмақ болды деген ауыл әкімі осы

Сауранбек Таңатбаев, Майлыкент ауылдық округінің әкімі: «Біріншіден, жаңағыдай жіберіп отырған кәсіпкер жоқ. «Unex TRANS» деген кәсіпкер жоқ. Екіншіден, бұл кәсіпкердің адамдарын олар жіберіп отыр. Егер менде бар болатын болса, дес бермей отырғызып қоятын еді. Попытка деген болады, сол статьямен қозғар еді».

Ұзақ дау-дамайдан соң, ауыл әкіміне сөгіс берілді. Мемлекеттік қызмет істер агентігіне келген арыздардың басым бөлігі Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Ерлан Рысбаевқа қатысты екен. Бұған дейін де қызметін асыра пайдаланғаны үшін «қатаң сөгіс» алған. Аудандық әкім сол былықтардың біразымен таныс болып шықты.

Әбдібақыт Мақұлбаев, Сарыағаш ауданының әкімі: «Биылғы жылдың өзінде қатаң сөгіс бергенбіз. Қандай шешім айтсаңыздар да, сол шешімді міндетті түрде орындаймын».

Түркістан қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Түркістан қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Мамандары үшін ұялған әкімдердің қатарына Түркістан мен Созақты қосыңыз. Теріскейдің әкімі ішкі істер бөлімі басшысының жіберген қателігі үшін жауапты болса, Түркістанға жаңадан барған әкімді жер қатынастары бөлімінің басшысы жерге қаратты.