Тәртіптік кеңесте – Шардара шенділерінің мәселесі

226
Тәртіптік кеңес

Шымкентте өткен тәртіптік кеңестің кезекті отырысында шардаралық шенеуніктер біртегіс мінберге шығуға мәжбүр болды. Онда бөлім басшыларынан бастап, қала және аудан әкімдерінің шикі әрекеттері әшкереленді. Бөлім меңгерушілерінің заңсыз қаулы шығарғаны анықталса, шаһар мен өлке басшысы жерді-оңды солды бөліп берген.

Тәртіптік кеңесОблыстық прокуратура өкілі тексеру кезінде осыған көз жеткіздік дейді. Қала әкімі 375 га жерді үш тұлғаға үлестіріпті. Ал аудан басшысының 1300 га жерді таратып бергені анықталды.

Дегенмен, мінберге шыққан шекпенді шенеуніктердің айтар өз уәжі бар. Суармалы жер көлемін көбейте отырып, оның пайдаланылуына жағдай жасадық дейді олар.

Бірақ заңның аты – заң. Тәртіптік кеңес мүшелері лауазымды тұлғалардың өз қызметіне сәйкестігін қарап, оларға сөгіс және ескерту сияқты жаза түрлерін қолдануға қатысты ұсыныс жолдады.