Гауһар тас – өңделіп қырланған зергерлік алмас. Алмас кристалдарын өңдеу жұмыстары 14 ғасырда Венецияда басталған. Гауһар тасты қырлау жұмыстарының негізі алмас кристалдарының табиғи пішінінен ( октаэдр, доктаэдр) өрбіген. 19 ғасырда алмас өндірісіне ендірілген механикалық егеу-өңдеу әдістері тастардың жалпы бейнесін өзгертуге, сонымен қатар қазіргі дөңгелекше Гауһар тастың шығуына себепкер болды. Бұл дөңгелек бейнелі, қырлы бағалы тас ғажайып жылтыр және сәуле шағылыстыру-құлпырма қасиеттеріне ие болды. Гауһар тасты бағалауда оның түсі, түрлі «ақаулары» (жарығы, қоспалары, т.б.), салмағы және қырлау сапасы ескеріледі. Гауһар тас зергерлік бұйымдар жасауда (сақина, сырға, түйме көздерін және композициялы бұйымдардың жеке элементтерін немесе топталған жиынтық түрінде оның негізін құрауға), ордендердің ерекшелік белгілерін әшекейлеуге қолданылады. Гауһар тастың салмағы каратпен (0,2 г) өлшенеді.
Жұлдызнама (14.08-21.08)
Тоқты (21.03-20.04)
Бұл апта Тоқтылар үшін қарбаласпен өтпек. Қызмет бабымен іссапарға шығуыңыз мүмкін. Демалыс күндерін жанұяңызбен бірге өткізіңіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Қандай да бір істі бастамас бұрын, ой елегінен өткізіп алғаныңыз абзал. Материалдық жағдайыңызды жақсартуға қолайлы апта. Дегенмен, қаражатыңызды оңды-солды шашпауға тырысыңыз.
Егіздер (22.05-21-06)
Денсаулығы сыр беріп жүрген Егіздердің дәрігерге көрінгені абзал. Алыс сапарларға шықпағаныңыз жөн. Апта соңында құрбы-құрдастарыңызбен бас қосудың реті түсіп тұр.
Шаян (22.06-23-07)
Үйіңізге жиһаз сатып алуды көптен бері ойластырып жүрсеңіз, кейінге қалдырмаңыз. Апта барысында алыс сапарға шығуыңыз мүмкін. Қызметтестеріңізбен тіл табыса біліңіз.
Арыстан (24.07-23.08)
Жұмысбастылықпен жүріп отбасыңызды ұмытпағайсыз. Апта барысында маңызды шешім қабылдауыңыз мүмкін. Денсаулығы сыр беріп жүрген Арыстандардың дәрігерге көрінгені абзал.
Бикеш (24.08-23.09)
«Еңбек етсең емерсің» деген қағиданы ұстанған Бикештер олжалы болмақ. Қызмет бабында бірқатар өзгерістер орын алуы мүмкін. Отбасыңызбен бірге табиғат аясына демалып қайтуға қолайлы апта.
Таразы (24.09-23.10)
Бұл аптада ешкімнен қарыз алмауға және бермеуге тырысыңыз. Жұмысыңызға немқұрайлы қарасаңыз, аяғыңыздан шалып қалушылар табылады. Достарыңызбен көңілді кеште бас қосудың сәті түсіп тұр.
Сарышаян (24.10-22.11)
Бұл аптада Сарышаяндардың сақ болғаны абзал. Алыс сапарға шықпауға тырысыңыз. Бос уақытыңызды біліміңізді жетілдіруге арнағаныңыз жөн.
Мерген (23.11-21.12)
Жақындарыңызға қол ұшын бергеніңіз жөн. Сүйіктіңізді ренжітіп алмаңыз. Той-томалаққа барып, көптен бері көрмеген ағайын-туыспен бас қосып, көңіл көтересіз.
Тауешкі (22.12-20.01)
«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақалды естен шығармаңыз. Қандай да бір істі бастамас бұрын жақсылап ой елегінен өткізіп алғаныңыз жөн. Ақшаны есеппен жұмсауға тырысыңыз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Бұл аптада Суқұйғыштар өзінің тынымсыз еңбегінің жемісін көреді. Материалдық жағдайыңызды жақсартып алудың сәті түсіп тұр. Демалыс күндерін сүйіктіңізге арнаңыз.
Балықтар (20.02-20.03)
Іскерлігімен басшылықтың көзіне түскен Балықтардың қызметі бір сатыға жоғарыламақ. Сіздің жетістігіңізді көре алмаушылар бар екенін ұмытпағайсыз. Апта барысында бағалы бұйым сатып алуыңыз мүмкін.