Әйгілі Ванганың болжамы бойынша 2019 жылы табысқа кенелетін кімдер?

755

Болгариялық сәуегей Ванга 2019 жылы табысқа кенелетін жұлдызнама белгілерін айтып қалдырған.

Айтқаны дәл келетін әйгілі сәуегейдің болжамына сенсек, 2019 жылы бақытты сәттерді бастан кешіретін белгілердің бірі Тоқты екен.

Бұл зодиак белгісі үшін келесі жыл махаббатпен басталады. Олардың жұмысында аздаған қиындықтар болғанымен, уақыт өте сәттілік серік болып, барлығы ойындағыдай өзгереді. Бұл жылы ең еңбекқор тоқтылар басшылардың ілтипатына бөленсе, ұқыптылары қомақты ақша жинау мүмкіндігіне ие болады.

2019 жылы Егіздердің де кез келген бастамасы жақсылыққа апарады. Бұл зодиак белгілері жүректері қалаған іспен айналысып, жақсы қаражат та тауып алады.

Келер жыл Сарышаяндар үшін де сәтті болмақ. Олар 2019 жылы жақсы еңбектенсе, өте қомақты қаражат тауып, табысқа кенеледі. Алайда бұл белгілерге махаббат тұрғысында сәл сабыр сақтаған абзал.

Ал болгар көріпкелінің жалпы әлем туралы айтқан болжамдары көңіл қуанта қоймайды. Себебі, ол адамдардың әрекетінен шаршаған Жердің олардан құтылғысы келетінін айтқан.

Сондай-ақ, Ванга ауа райының ауытқулары мен катакализмдердің, табиғи апаттардың көбейетінін, адамдардың бір-бірін сенімдері үшін өлтіретінін болжап кеткен.

Дереккөз: woman.rambler.ru және Nur.kz