Жұлдызнама (23.10-30.10)

Пироп
Пироп
Пироп

Пироп – анартастар тобына жататын минералды тас. Химиялық  формуласы: Mg3Al2[SіO4]3. Минералдың құрамына қоспа ретінде Mn, V, Tі, Cr3+, Fe2+, Fe3+, т.б. кіреді. Ең ірі Пироптың салмағы  633 карат.  Түсі қою қызыл болады.  Жылтырлығы шыны тәріздес. Қаттылығы 7 — 7,5. Мөлдір пироп зергерлік өнерде қолданылады.

Жұлдызнама (23.10-30.10)

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Бұл апта жаңа бастама бастап, шығармашылықпен айналысуға қолайлы болмақ. Жұлдызшы мамандар біліміңізді немесе кәсіби шеберлігіңізді шыңдауға кеңес береді. Махаббат айдынында оң өзгерістер орын алмақ. Жанұя мүшелері және әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысқаныңыз абзал.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Бұл апта Торпақтар үшін қолайлы болмақ. Маңызды шешім қабылдарда асықпағаныңыз жөн. Аптаның екінші жартысында еңбегіңіз бағаланып, олжалы боласыз. Көмегіңізге зәру жандарға қолғабыс болыңыз.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

«Ебін тапқан екі асайды» деген қағиданы мықтап ұстанған Егіздер мол олжаға кенеледі. Көптен бері ойда жүрген жоспарыңызды іске асырудың реті түсіп тұр. Аптаның бірінші жартысында махаббат айдынында оң өзгеріс орын алмақ. Сондай-ақ, апта барысында материалдық жағдайыңыз жақсармақ.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Бұл аптада әрбір басқан қадамыңыз бен айтқан сөзіңізге есеп беруіңізге тура келеді. Қаржы тапшылығы ерлі-зайыптының арасына сызат түсірмек. Дегенмен, кішіпейілділік таныта білсеңіз, үлкен даудың алдын аласыз.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

Бұл аптада жеке өміріңізде де, қызметте де бірқатар оңды өзгерістер орын алмақ. Қаржыңызды оңды-солды шаша бермеңіз. Мамандар үнемшіл болуға кеңес береді. Сүйіктіңіздің көңіліне қаяу түсірмеуге тырысыңыз.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Қаржы тапшылығын сезініп жүрген Бикештердің аптаның екінші жартысында айы оңынан тумақ. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз. Отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз. Демалыс күндері саяхатқа шыққаныңыз абзал.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

Бұл апта жаңа бастамалар бастауға қолайлы болмақ. Жұмысбастылықпен жүріп, шығармашылық қабілетіңізді шыңдауды ұмытпағайсыз. Апта барысында денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Демалыс күндерін отбасыңызбен өткізгеніңіз абзал.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

Бұл апта Сарышаяндар үшін қарбалас өтпек. Қызметте бірқатар түсініспеушілік орын алып, басшылықпен сөзге келуіңіз ықтимал. Сүйіктіңізді ренжітіп алсаңыз, кешірім сұрағаныңыз абзал. Демалыс күндері жақындарыңызбен бас қосып, көңіл көтерудің реті түсіп тұр.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

«Еңбек етсең емерсің» деген қағиданы ұстансаңыз, ұтылмайсыз. Аптаның бірінші жартысында алыс сапарға шығуыңыз ықтимал. Маңызды құжатқа қол қоймас бұрын, қабырғаңызбен кеңесіп алыңыз. Денсаулығыңыз сыр берсе, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Бұл апта Тауешкілер үшін жағымды жаңалыққа толы. Жақсы жаңалықтар мен жаңа кездесулер сіздің шығармашылық қабілетіңізді арттыра түседі. Аптаның екінші жартысында қарыз бермеуге және алмауға тырысқаныңыз жөн.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

Апта барысында аса сақ болғаныңыз жөн. Алыс сапарға шықпаңыз, маңызды келісімшарттарға қол қоймаңыз. Жақын жандардың көңіліне қаяу салмаңыз. Материалдық жағдайыңызды жақсартудың реті түсіп тұр.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

Апта жағымды жаңалыққа толы болмақ. Аптаның бірінші жартысында дұрыс таңдау жасағаныңызға күмән келтірмеңіз. Жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Дегенмен, қамықпаңыз. Апта барысында әшекей бұйым сатып алуыңызға болады. Қаржыңызды ақылмен жұмсаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.