Фильмді түсіруге 230 мың теңге кеткен
Фильмді түсіруге 230 мың теңге кеткен
Фильмді түсіруге 230 мың теңге кеткен

«Оңтүстікфильм» жаңа кинотуындысын жарыққа шығарды. «Жаңғырық» атты қысқаметражды фильм жастар тақырыбына арналады.

Фильм желісі бұзақылықпен аты шыққан, құмарпаз Талғаттың кенеттен көрген түсінен басталады. Алайда шошып оянған оған берілген аян тегін емес еді. Өзгеге көрсеткен зәбірінің жаңғырығы осылай келеді деп меңзейтіндей. Фильм режиссері осы идея арқылы жастарды тура жолға бағыттауды ойлапты.

Серік ТАЛАСОВ, «Жаңғырық» фильмінің режиссері: «Фильмнің «Жаңғырық» деп аталу себебі, кез келген нәрсенің жаңғырығы бар. Мәселен, кімге не жасасаңыз өзіңізге қайта келеді. Сондықтан да осы ойды көрерменге жеткізгіміз келді».

«Жаңғырық» кинофильмі Серік Таласов тырнақ алды туындысы. Өзін сынап көру үшін таспалаған режиссер бұл үлкен кино түсіруге барар баспалдақ, дейді. 20 минуттық фильмді 2 аптаның ішінде түсірген. Ал демеуші болған режиссердің достары екен. Жоба құны бар болғаны 230 мың теңгені құрайды.

Бай мен кедей, әлді мен әлсіздің арасындағы айырманы елге паш еткен шығармашалық ұжым жақында тағы бір фильмнің тұсауын кеспек. Болашақ туынды да адамдарды адамгершілікке шақыруға бағытталмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yv1Tm_wJcN0[/youtube]

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ABBofMcUMAg[/youtube]