Шымкентте «Қызыл диплом» толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті

Үшінші мегаполисте «Қызыл диплом» толықметражды фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.

Жастарға мамандық таңдауда бағдар беріп, үлкен өмірге дайындау мақсатында түсірілген фильм шынайы оқиғаға сүйенген. Ұзақтығы 1 сағат 15 минуттық «Қызыл диплом» толықметражды фильмнің режиссері – Серік Таласов.

Жаңа туынды алдағы уақытта жергілікті телеарналардан көрсетіліп, көрермен үшін YouTube желісіне де жүктеледі. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, шалғай аудандардағы жастарға арнайы көрсетілім ұйымдастыру жоспарланып отыр дейді режиссер Серік Таласов.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ұжымды жаңа туындымен құттықтап, режиссер мен шығармашылық құрамды марапаттады.