Сайрам ауданы Ақсукент ауылының орталығындағы бей-берекетсіз орналасқан ретсіз сауда халық наразылығын тудырып отыр. Себебі, алаштың ханы болған Абылай ханның есімін иеленген көше жағалай жайғасқан саудагерлердің мекеніне айналған. Қаншама жылға ұласқан мәселені әкімдік шешуге ат салысып ақ келеді. Бірақ, сол баяғы жартас сол жартаc күйінде.
Абылай хан көшесі бойында орналасқан алып сауда орыны кезінде базары қайнаған сауда нүктесі еді. Ал қазір саудагерлері тауарын өткізе алмай әлек. Себебі, қызыл сызықты елемей, сауданың көркін қыздырып тұрған келесі беттегі жабайы сауда нүктелердің кесірінен тауарын қайда барып пұлдарын білмейді. Айтуларынша, әкімдік атүсті келіп тексеріп кеткені болмаса, әлі күнге дейін ешқандай жұмыстың ілгерілеуін байқатпаған.
Манет Сартаева: «Бәріміз бала-шаға бағып отырмыз. Жолда ретсіз сауда болмау керек. Сатып алушылар бізге де келіп саудамызды жасаса дейміз. Күніне бір адам келіп сауда жасай ма жасамай ма, белгісіз. Ал ана бетте сауда қызып тұр».
Нигара Ташболатова: «Үш айда 50 мың теңге ақша да таппаймыз. Оның үстіне салығымыз бар күнделікті төлейтін. Қайдан табатынымыз оларға қызықтырмайды. Ал аналар сығандар сияқты отырып алған. Ауруханаға баратын жол ғой ол».
Расында мықтап жайғасып алған мұндағы саудагерлерден аяқ алып жүргісіз. Тіптен киім-кешекті айтпағанның өзінде ет-сүт өнімдері де санитарлық талапқа сай келмейді. Тар жолға тауарын тізген сатушыларды бұл жағдай мүлдем қызықтырмайды. Олардың басты мақсаты, тауарларын тездетіп пұлдау ғана.
Бұл жабайы сауда орындарының сатушылары сауданың тамырын тереңге жайып әзірге жайлы орындарымен қоштасатыны байқалмайды. Аудан айнасы саналатын бұл мекенде неліктен келеңсіздіктің орын алғандығын білу үшін жауаптыларды сөзге тарттық.
Шавкатбек Рахатов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы: «Біз саудагерлерге арнап барлық жағдайды жасадық. Оларға арнап сауда нүктесін де ашып бердік. Жеңілдік болсын деп алғашқы 6 айында тегін отырғызу жағдайын да қарастырдық, 6 айдан кейін 200 теңге күніне төлейсіздер деген ұсынысымызды да айтқан болатынбыз. Бүгінде ілгерілеу бар.
Алайда, 3 жылдан бері саудагерлерді жайлы орынға жайғастырудың орнына заңсыз сауда орындарын өршітіп алған аудан әкімшілігінің бұл жағдайға қауқары жетпейтіні белгілі болды. Ал оқу жылының таяп қалғандығын еске салар болсақ, «Ақ барыс» сауда орындарының алыпсатарлары ендігі кезде тауарларын қайда барып пұлдарын білмей дал.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jfjw-ZAkW-0[/youtube]