Адырбеков көшесінде жол құрылысы жүргізілуде

99

Шымкенттіктер Адырбеков көшесінің жол құрылысы тым ұзарып кетті. Ыңғайсыздықтардан шаршадық дейді. Бүгінде қаладағы Төреқұлов пен Алдияров көшелерінің аралығындағы бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобалық сметалық құжатқа сәйкес, нысан өтпелі, жұмыс 2023 жылы толық аяқталады.

Наурызда құрылысы басталған Адырбеков көшесінің жолында құрылыс қызу жүргізулде. Жолдың үстіңгі қабаты қоқыс алаңына шығарылуда. Жолдың екі бетіндегі инженерлік желілер жолдың жиегіне ауыстырылып жатыр. Арнайы бригада су құбырларын жердің астына орнықтыруда. Ал байланысшылар болса мекемеге тиесілі желілерді тартып бағанадағы қорап арқылы өткізуде.

Бұл серіктестік ажыратылған ұзындығы 2 мың 900 метр жол бөлігінде жұмыстар жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжат бойынша жалпы жолдың қабаты 57 см, 37 тас, ал 12 см асфальт төселеді. Ерте көктемде бастауға жауын-шашын кедергі болды, оған қоса қызыл сызыққа түскен нысандар да бар дейді мердігер.

Садуақас Исмаилов, «Базис- К» ЖШС учаске бастығы: «Ескі тұрғын үйлер, шарбақтар қызыл сызықтағы, солар бойынша қазір әкімдікке қарасты басқармалар жұмыс жасауда. Ильяев пен Алдияров көшелерінің аралығында жол құрылысына кірісуіміз керек. Мұнда да дүкендер мен коммерциялық нысандар  бұзылады. Мемлекет мұқтаждығына алу жөнінде құжаттар рәсімделуде».

Ал Адырбеков көшесінің тұрғындары құрылыс жұмыстарының тым созылып кеткенін айтады. Солардың бірі Анна Масакова үйімізге кіру жүріп тұруымыз қиындап кетті дейді.

Анна Максакова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Құрылыс тым үзаққа созылып кетті.  Екі жыл бұрын біздің көшемізде құрылыс басталған. Алдын жылу жүйесі жаңаланды. Енді, міне жолдың астан кестені шығып жатыр. Көлікпен кіре алмаймыз, жол жаман. Әбден қиналып жатырмыз».

«Тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз. Оларға ыңғайлы болсын деп барлық ескертпелерін ескеріп кіру жолдарын барынша істеп бердік»-дейді «Базис- К» ЖШС учаске бастығы  Садуақас Исмаилов.

Мердігерлер техникамыз және мамандарымыз жетеді, әрине көліктер қатынайтын жолды биыл аяқтауға тырысамыз Ал жаяу жүргіншілер жолдары мен 4 жолақты жолдың екі жағынан түсетін ирригациялық жүйелердің құрылысы келер жылға өтеді, дейді.

Айта кетейік, жобалық сметалық құжатқа сәйкес, бұл нысан келер жылға өтпелі. Жоспар бойынша 4 жолақты жолдың ені 15 метр ұзындығы 2 мың 900 метр.

Шынар Оразова