12 жасар қызды зорлаған көршісі болып шықты

557
Бейне-бақылау камерасындаығ жазба

Шымкентте 12 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шыққан. Бұл туралы ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл келеңсіз жағдай 2013 жылдың тамыз айының басында орын алған болатын. Содан бері күдіктіні іздестіріп келген тәртіп сақшылары таяуда оны қолға түсірген. Сезікті жәбірленушімен бір үйде, жоғарғы қабатта тұратын көршісі болып шыққан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PbYLwsZMqq4[/youtube]

Тергеушілердің айтуынша, күдіктіні аулада анасымен бірге серуендеп жүрген 12 жасар қыздың өзі көрген. Соңынан тесіліп қараған жас қыз, алайда, анасының сұрағына жауап бермепті. Тек үйге келген соң ғана әпкесімен ашылып сөйлесіп, көрші жігіттің сол түні терезеден кірген адам екенін айтып беріпті. Нәтижесінде полицейлер осы үйде тұратын жас жігітті құрықтаған. Оны жәбірленуші қыз да танып отыр.

23 жастағы күдікті бұған дейін 3 рет сотты болып үлгерген. Сол түні қатты мас болдым деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=60x5VYAI2ag[/youtube]

Ал күдіктінің ата-анасы ұлдарының бұл қылмысты жасағанына сенбейді. Олар тергеу барысында полицейлер ұлымызды қинады деп ашық айтуда. Айтуларынша, әбден таяқ жеп, қиналған сезікті қылмысты мойындауға мәжбүр болыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4Qc5sibRkSM[/youtube]

Айта кету керек, күдікті жігіт бұған дейін үш рет сотты болған. Енді оның үстінен төртінші қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.