Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлаған

335

Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлаған. Күдікті бүлдіршінді үйінің сыртына алып шығып, жыныстық сипаттағы қатынасқа түскен, ал жәбірленушінің көмейі жарылып, жансақтау бөліміне түскен. Полиция департаменті зорлық-зомбылық болғанын растады.

«21 мамырда Арыс АІБ-на жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Арыз негізінде полицейлер күдіктіні  ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінен.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр, оның жағдайы бірқалыпты. Басқа жарақаттар табылмады. Қылмыскер уақытша ұстау абақтысына қамалды.