"Коворнинг" орталығының ішкі көрінісі

 Енді Оңтүстіктің жас кәсіпкерлері бір ғимаратта бас қосып, бастамаларын биіктегі аға-әпкелеріне жеткізе алады. Өңірімізде тұңғыш рет Коворкинг орталығы ашылып отыр. Мекеме болашақ бизнесмендердің алғашқы көмекшісі болады.

"Коворнинг" орталығының ішкі көрінісі
Коворкинг орталығының ішкі көрінісі

Коворкинг – ағылшын тілінен аударғанда «бірігіп жұмыс жасау» деген ұғымды білдіреді. Ортақ кеңседе ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер нарықтың алғашқы баспалдақтарын басып, алты айдан соң заман көшіне ілесе кетеді. 

Жас кәсіпкерлерге үлкен кеңселерді жалға алу алғашында қиынға соғады. Оған жалға алу құнымен қатар, компьютер, принтер, факс, телефон орнату, интернет сияқты шығындарды тағы қосыңыз. Ал бүгінгі ашылып жатқан Коворкингорталығында кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған.

Жас кәсіпкерлер жобаларымен таныстыруда
Жас кәсіпкерлер облыс әкімінің орынбасарын жобаларымен таныстыруда

Орталықта әзірге 25 орын бар. Бастауыш кәсіпкерлерді қолдап, құқықтық, салық, қаржы, бухгалтерлік есеп бойынша ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған орталықтағы бір орынды жалға алу құны – айына 10 мың теңге. Алты айға дейін ісін дөңгелетіп, бизнес жобасын жүзеге асырып үлгергендер енші алып шыға береді. Олардың орнын су жаңа кәсіпкерлер мен тың идеялар басады. Сондықтан орталыққа орнығу да оңай емес.

 Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Біз біріншіден талабы бар, осы кәсіпкерлікке деген қабілеті бар жастарды таңдаймыз. Әрине, ертең оның жұмысы жүрмей қалса – бұл өмірдің заңы. Десе де, жаңа жобалардың 90 пайызы аяқтан тұрып кетеді деген сенім бар.»

Қанат Әбілдабеков, жас кәсіпкер: «Пилоттық жоба болғандықтан, осында келіп жұмыс жүргізуге ұсыныс келді. Мұнда өте ыңғайлы екен».

Жұмысшы жастар форумы өтті
Осы орталықта жұмысшы жастар форумы өтті

Билік өкілдері болашақта мұндай орталықтардың саны артады деп отыр. Өйткені, Оңтүстікте жастар көп. Олардың арасында кәсіпкер боламын дегендер күн санап артып келеді. Осы орайда жиналған жастар мен белсенділер «Жалпыға ортақ еңбек – бәрін жеңбек» форумын ұйымдастырды. Онда ұтқыр ойлар ортаға салынды. Форумның мақсаты – жас мамандардың еңбегін бағалап, жастардың еңбекке тарту, қалың жұртшылықты жастардың жасап жатқан еңбегімен хабардар ету.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FFl5ZOitAJY[/youtube]