«COWORKING» орталығы ашылды

563

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты, Сарыағаш аудандық орталық кітапханада «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Коворкинг орталығының жұмысымен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кульгинова Қалбибі Сейдирқызы орталықтың жұмысымен таныстыра отырып, «Әр адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұ¬йым¬дарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын орталық болады» деді.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл Әбубәкірұлына, Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлына сөз берілді. Коворкинг орталығының демеушілері Ағабеков Серік Қанатұлына, Хидиров Бауыржан Жайлауұлына, Уразбаев Бағдат Қадырұлына, Омаров Нурмахан Исматовұлына үлкен алғыс білдіре отырып, Аудан әкімі атынан «Жомарт жүрек» дипломымен марапатталды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі