Кәсіпкерлікті дамытудың кезекті отырысы өтті

276
Кәсіпкерлердің кезекті отырысы өтті

 Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы. Өнім сапасы. Нарықтағы сұраныс. Бизнес бағытындағы кезекті конференцияда бұл мәселелерден бөлек, баға тұрақтылығы да қаралды. Себебі кәсібін енді ғана бастағандар үшін инвестиция тарту қиынға соғып жатқан көрінеді.

Нұржан Әлтаев, ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры: «Біз кәсіпкерлікке енді ғана келгендерге жылыжайда көкөніс өсіру қызметінен бастауға үігттейміз. Себебі мұнда аз ғана қаржы құю арқылы табысқа жетудің мүмкіндігі мол. Ал ең бастысы – қажетті ақшадан бұрын бизнес жоспар екенін ұмытпайық».

кезекті конференцияға өзге облыстардың ксәіпкерлері және жерг.ілікті билік өкілдері шақырылған
Бұл басқосуға өзге жергілікті кәсіпкерлермен қатар өзге облыстардан да қонақтар қатысты

 Оңтүстік – ел аумағында жылыжайда көкөніс өсіруден алдыңғы қатарда. Біздің өнімге деген сұраныс көлемі де жоғары екен. Осы орайда көкөністерді күтіп-баптаушы кәсіпкерлер қажеттілігі артып отыр. Айына жоғары сапалы 900 мың қорап өндіруге қауқары бар кәсіпорынның саудасы да осы салаға тәуелді.

Рафиг Әлиев, «Бикеш» ЖШС-нің өкілі: «Біздің жұмыс көбінесе мынау жылыжай өндірісімен байланысты ғой. Қазір кәсіпкерлердің жұмысы алға жүріп, нәпақа тауып отір. Сондықтан ол көкөністерді бір жерге жеткізу үшін де біздің қораптар керек. Біздің сауда да қыза түседі дегендей».

Сырттан әкелінген кез келген өнім бағасы қымбатқа түсетіндіктен, әзірге жергілікті тауарға деген ұсыныстың жоғарылауы – заңды құбылыс. Бастаушы кәсіпкерлер үшін бүгінде орталықта «Бизнес-инкубатор» қызметі қолға алыныпты. Айта кетейік, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгінгендер саны 16 мыңнан асса, соның 1500-ден астамы қаржылық қолдауға ие болып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=idj2o5Ng5Ww[/youtube]