Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына – бір жыл

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ОҚО «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылы өткен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәжілісте, елімізде кәсіпкерлерге әртүрлі салаларда қызмет көрсететін орталықты ашуды бұйырғына сәйкес ашылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету аумақтағы бизнес өкілдеріне «бір терезе» қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсететін орталық ретінде танылып, кәсіпкерлердің бизнесті бастап, оны дамыту жолдарын көрсетумен қатар, ең маңыздысы ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау жұмыстармен айналысуда.

Аталған орталық үш бағытта қызмет көрсетеді:

1. Кәсіпкерлерді бизнес-мектептерде оқыту, арнайы оқыту семинарлары мен мастер кластарды ұйымдастыру, мысалы келтірсек көкөніс сақтайтын қоймаларды салу, жылы-жайларды тұрғызу, мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу, ірі қара малдарды бордақылау сияқты және т.б.

2. Кәсіпкерлердің бизнес жобаларын жүргізу, мемлекеттік қаржы институттардың және банктік қаржыландыру бойынша кеңес беру, салық және кеден заңнамаларына қатысты консультация өткізу, бизнес жоспар жасауға көмек беру, жобаларды қаржыландыру жолдарын табу.

3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінің мамандары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарын алуға көмек көрсетеді. Жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беретін акт алу, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу, инженерлік және комуналдық нысандарға қосылуға техникалық шарттар алу (су, жарық, газ) алу, құрылысы аяқталған нысанды қабылдау актісін алу.

Қазіргі таңда орталықтың мамандары ОҚО барлық аудандарында «Бизнес негіздері» курстарын жеке кәсіпкерлерге, шаруаларға және кәсіпкерлікке жақын адамдарға оқыту жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетеді. Орталықтың ОҚО-ның барлық аудандарында 14 өкілдігі ашылып кәсіпкерлерге толық қызмет түрлері көрсетіледі.

Бұдан басқа, біздің орталық шет елдерден әр салалы мамандарды тартып, жергілікті кәсіпкерлерге біліктілігін арттыру үшін оқыту курстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, мемлекетімізде Германия республикасы мен бірлесіп «Аға сеньорлар» атты жоба іске асырылуда. Жобаға сәйкес Еуропа мемлекеттерінен білікті мамандар жергілікті кәсіпорындарға шақырылып өз тәжірибесімен алмасады. Кәсіпкерлер сол оқу курстарына біздің орталық арқылы қол жеткізуге болады.

Рұқсат беру құжаттары КҚКО арқылы беріліп, құжаттарды рәсімдеу мерзімдері 50% қысқартылған, мысалы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы мен газ пайдалану үшін техникалық шарттар алу мерзімін 7 күнге, электр-энергиясына техникалық шарттарын алу мерзімін 15 күнге, ал

жер учаскесін беру үшін бастапқы келісімін алу мерзімін 7 күнге дейін қысқартуға қол жеткізіліп отыр.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің мемлекеттік мекемелермен және коммуналдық саладағы монополисттермен тікелей байланысы тоқтатылған, бұл жағдайда өтініш берушінің КҚКО-на сенімхат және құжаттарының көшірмелерін беруі жеткілікті.

Орталықта көрсетілетін қызмет ақысыз. Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында орталықтың өкілдіктері ашылған.

Аталған орталық қысқа мерзім ішінде өте жақсы көрсеткіштер көрсетті. 11 айдың ішінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 18 516 кәсіпкер өтініш білдіріп, оның ішінде 17 986 қолдау көрсетілді. 4190 астамы оқытудан өтті. 1739 кәсіпкерге рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. 1786 кәсіпкер өзінің жеке бизнесің дамытуға, жалпы сомасы 22,8 млрд теңгеден астам қаржы алды.

Орталық директоры: Нұржан Әлтаев