Шекарада тырысқаққа қарсы оқу-жаттығу өтті

448
"Қазығұрт" шекара бекеті

Қазақ-өзбек шекарасында тырысқаққа шалдыққан азамат анықталды. Мамандардың көмегімен ол дереу оқшауланған. «Қазығұрт» шекаралық кеден бекетінде осындай сценарий бойынша арнайы оқу-жаттығу шаралары өтті. Әзірге әлемді алаңдатқан жұқпалы індеттен біздің облысқа келер қауіп аз. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ.

"Қазығұрт" шекара бекеті
«Қазығұрт» шекара бекеті

Шартты түрде тырысқақа шалдықан науқас — Тәжікстаннан келген азамат. Ол халі бірден нашарлап кеткен соң бекеттегі кезекші дәрігерге шағымданады. Мамандар бұл азаматтың бойында науқастың алғашқы белгілерін байқаған соң оны арнайы бөлмеге оқшауландырады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FrCKnIQzdFQ[/youtube]

Осы арада Сарығаштан жедел жәрдем де жетті. Арнайы қорғаныс киімін киген дәрігерлер науқасты тексеруде. Біршама уақыттан кейін өзара шұғыл шешімге келген дәрігерлер науқасты көлікпен ауруханаға алып кетті. Одан кейін науқас жатқан бөлме залалсыздандырылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bdZoAl1BEL0[/youtube]

«Қазығұрт» кеден бекетінен күн сайын жүздеген азамат өтеді . Өкініштісі сол — көршілес елден келетіндердің ішінен ауру адамдарды байқап, оны оқшаулағанымен, науқаспен қатынаста болғандарды анықтау оңай емес. Бүгінгі жаттығуда мамандар кәсіби деңгейін көрсетуі қажет болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=S1s-TevTp8E[/youtube]

Бұл арнайы ұйымдастырылған оқу-жаттығуға 25-ке жуық маман қатынасты. Өткен жылы дәл осындай шара «Қапланбек» кеден бекетінде өткізілген. Сарыағаш ауданы — Қазақстанның Өзбекстанға ең жақын өңірі. Ал елімізге тырысқақ індеті дерт өршіп тұрған Ауғанстан, Тәжікстан елдері мен Өзбекстан азаматтары арқылы көп кіретіндіктен, мұндай жаттығу алдағы уақытта да жиі өткізілмек. Мамандар осылай дейді.