Шымкентте көлік аударылып, бес бірдей жас жігіт мерт болды (бейнекадр)

429
Полицейлер көлікті эвакуаторға тиеп жатыр

Шымкентте қайғылы жол апаты орын алды. Астана даңғылының аяқталған жерінде Ауди көлігі аударылып кеткен. Соның салдарынан 5 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы бір адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр.

Ауди көлігінің сау-тамтығы қалмаған
Ауди көлігінің сау-тамтығы қалмаған

Қайғылы оқиға таңғы сағат 4-тер шамасында орын алған. Астана даңғылының бойымен келе жатқанда жол таусылып, Ауди көлігі сайға аударылып кеткен. Қатты шыққан дауысты осы маңдағы тұрғындар естіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DxYIy4qKfzo[/youtube]

Көліктің ішінде 19 бен жастағы 6 жігіт болған. Апат салдарынан 5-еуі сол жерде тіл тартпай кетті. Барлығы — Төлеби ауданының тұрғындары. Қаладан ауылға қайтып бара жатса керек. Ал арасында жалғыз өзі тірі қалған 19 жастағы жігіт ауыр жарақатымен таңға дейін далада жатып қалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pNh_ly4emqw[/youtube]

Жарақат алған жігітке күні кеше ғана бірге болған құрдастарының қазасы оңай тимеді. Көзінің жасын тия алмай жатыр. Түндегі оқиғадан есінде қалғаны — рөлдегі жігіттің жол күрт аяқталған жерде көлікті кілт бұрып жібергені ғана.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qETPi_6F2os[/youtube]

Жергілікті тұрғындар дәл осы маңда жол апаты жиі орын алатынын айтады. Күні кеше ғана жас жігіт джиппен аударылып кеткен. Құдай сақтағанда аман қалыпты. Тұрғындар бұл жерде жолдың аяқталғанын ескертетін белгі жоқ дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NglyairRsUA[/youtube]

Шынында да асфальт төселген жол осы тұста күрт аяқталады. Оны білетіндер көлігімен ақырындап төмен қарай түсіп кетіп жатыр. Ал жолдың күрт аяқталатынынан хабары жоқ жүргізушілер қатты жылдамдықпен келсе, жол апатына ұшырауы ғажап емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Mma7GULEVc4[/youtube]

Полицейлер көлікті эвакуаторға тиеп жатыр