Бүгін таңғы сағат 09:00-де Шымкентте сейсмо-дабыл қағылды. Алыстан естілетін сирена үні қалада жер сілкінісіне дайындық жұмыстарының басталғанынан хабар берді.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен қала тұрғындары бірге өткізген іс-шарада келешекте болуы мүмкін жер сілкінісі кезіндегі сақтық шаралары пысықталды. Бұл жаттығу апат бола қалған жағдайда халықтың төтенше жағдайдан сақтану сауатын арттыру мақсатын көздейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kk8WcATg4ko[/youtube]
Мысалы, көпқабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратындардың зілзала кезінде сыртқа шығуына мүмкіндік бар. Ал үшінші және одан жоғары қабаттардан сыртқа шығу — қауіпті. Осы тектес шарттарды орындалған жағдайда ғана зілзала адам өміріне айтарлықтар шығын келтірмеуі тиіс.