Дәл осы ломбардта қарақшылар тал түсте тонап кеткен.

Шымкентте «Нұрсәт» шағынауданда орналасқан ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл оқиға 25-қыркүйек күні орын алған. Күндізгі төрттер шамасында белгісіз екі азамат ломбардтың 25 жасар сарапшысын қорқытып, алтын әшекей заттары мен ақшаны тартып алып кеткен.

Дәл осы ломбардта қарақшылар тал түсте тонап кеткен.
Дәл осы ломбардты қарақшылар тал түсте тонап кеткен

Осы оқиға артынша қаза тапқан күзетші мен пышақталған кассир туралы сыбыс қалаға тарап кеткен еді. Алайда ішкі істер бөліміндегі сенімді дерек көздерінен белгілі болғаны – қарақшылар ломбардтың есігін қаққан. Іштен ашқан 25 жасар келіншекті маңдайынан ұрып, талдырып, аяқ-қолын байлап тастапты. Содан кейін арам ойларын жүзеге асырған. Қазір тоналған мүліктің құны анықталып жатыр. Ал ломбардтың иесі өздерінің тұтынушыларына жақын уақытта бағалы заттары қайтарылатынына уәде берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ydSLT0BDaNE[/youtube]