Úı ANONS 200 млн. теңге «желге ұшты»: Көлік те, ақша да жоқ

200 млн. теңге «желге ұшты»: Көлік те, ақша да жоқ

«Ломбардта жұмыс істеймін. Көлікті арзан бағаға сатып бере аламын». Дәл осы сөздерге сеніп Шымкент тұрғындары жалпы көлемі 200 млн-ға жуық теңгеге сан соғып қалған. Зардап шеккендер, ақшаны алған адам  1 жылдан бері  уәде беріп жүр дейді. Мәселе сотқа жеткен. 

Жүзін көрсетпеуді өтінген зардап шегуші алдаған адамның сөзіне көзсіз сендім дейді. Жақындары арқылы танысқан ол адам  ломбардта жұмыс істеймін, көлікті нарықтағы бағадан арзан сатамын деген. Осылайша ауыр жүк көлігі сынды 6 көліктің ақысын төлеген зардап шегуші  1жыл бойы тауарды ала алмаған.

«Өткен жылы 6 қарашада 2 көлікке ақша бергенмін. Одан кейін алдады. Тағы 6 машинаға бердім. Жалпы 125 млн. ақша бергенмін».

Зардап шеккендер жалғыз емес, он шақты. Олар бізден басқа да алданғандар болуы мүмкін дейді. 13 млн. теңге қаржысынан айырылған Атажан Абдураймов көлікті төмен бағаға беремін деген адам әртүрлі құжаттар жіберіп сенімге кіргенін айтады.

Атажан Абдураймов, Зардап шегуші: «Ломбардта жұмыс істеймін деп бір-екі рет ломбардтың ішін көрсетті. Жеке сот орындаушының шешімі бар. Машиналардың 2-3 рет. Ол бізге 1 реттік көретін етіп жібереді. Ватсаппен. Ол өшіп кетеді гой. Бізде оны ұстап түсіріп алған варианттар бар. Сол арқылы дәлелдеп бере аламыз».

Біз қарсы тараппен де байланысқа шығуға тырыстық. Алайда әйел түсініктеме беруден бас тартты.  Іс сотқа жеткен. Енді барлық мән-жайды тергеу барысында анықталады. Істің соңғы нүктесін сот қоймақ.  Жәбірленушілер материалдық шығын толық өтеледі деп үміттенуде.

Ботакөз Әнуар