Алматыда жалауын көтерген Еуразия ойындарында Шымкенттің екі спортшысы алтыннан алқа тақты. Олар -№10 жекпе-жек спорт түрлері мектебінің шәкірттері. Жерлестеріміз жарыстан орала салысымен-ақ оларды спорт мектебінің әкімшілігі марапаттады. Жеңімпаздар — Рахымжан Рысалиев және Мамырбек Мұхаммади. Рахымжан Еуразия ойындарында 32 келі салмақтағылар арасынан топты жарып, 5 елдің палуандарымен белдесті.
Ал Мамырбек Мұхаммади 38 келідегі палуандар арасында чемпион атанды. Осымен үшінші рет өтіп отырған байрақты жарыста Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей саңлақтары спорттың 13 түрі бойынша ептіліктерін сынға салды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iWboCPQti78[/youtube]