Дзюдошы Азамат Қыпшақбаев бүгінде жекелей жаттығу режиміне көшкен. Облысымыздың негізгі құрамынан тыс дайындалуда. Өйткені жерлесіміз енді самбо емес, дзюдо Гран-при жарысына қатысуды жоспарлап отыр. Осыған дейін құрлық чемпионы атанған Азамат енді Алматы қаласына жоспарланған турнирде жүлделі болуды көздейді.
Азамат Қыпшақбаев, самбодан Азия чемпионы: «Қазір турнирге дайындалып жатырмын. Жуырда ғана командалық оқу-жаттығу жиыны аяқталған еді. Гран-приге толық дайынмын деп айта аламын. Дегенмен қарсыластарымды жеңу үшін жаттығуларда аянбай тер төгу қажет. Оны мен де, бапкерім де жақсы түсінеміз.»
Азамат пен оның бапкерінің басты мақсаты — 2014 жылы Бразилияда өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алу. Оңтүстік астанада өткелі жатқан турнирде Олимпиадаға алғашқы ұпайлар ойнатылады. Сол себепті де Азамат осы жолы татами төрінде бар шеберлігін танытуы тиіс.