Созақта «Тау адамы» жүр

Созақ ауданына қарасты Созақ ауылының маңындағы Қаратаудың Қошқар ата шоқысында тау адамы тұрады. Аты-жөні – Шавкат Жортанов
Созақ ауданына қарасты Созақ ауылының маңындағы Қаратаудың Қошқар ата шоқысында тау адамы тұрады. Аты-жөні – Шавкат Жортанов
Созақ ауданына қарасты Созақ ауылының маңындағы Қаратаудың Қошқар ата шоқысында тау адамы тұрады. Аты-жөні – Шавкат Жортанов

Технологиясы дамыған ХХІ ғасырда ғаламтордан қалағаныңызды іздеп таба аласыз. Соңғы жаңалықтар да сонда. Алайда, сіз тау адамы жайлы іздеп көрдіңіз бе? «Тау адамы – Шавкат» деген мәлімет береді ғаламтор.

Ол 18 жыл уақыттан бері таудағы тастарды қашап, сурет салумен айналысып келеді. Қарт Қаратауға құмартқан жігіттің жасы  47-де
Ол 18 жыл уақыттан бері таудағы тастарды қашап, сурет салумен айналысып келеді. Қарт Қаратауға құмартқан жігіттің жасы – 47-де

Созақ ауданына қарасты Созақ ауылының маңындағы Қаратаудың Қошқар ата шоқысында тау адамы тұрады. Аты-жөні – Шавкат Жортанов. Ол 18 жыл уақыттан бері таудағы тастарды қашап, сурет салумен айналысып келеді. Қарт Қаратауға құмартқан жігіттің жасы – 47-де. Көктем шықса болды тауға өрмелеп, әртүрлі сурет салуды әдетке айналдырған. Таудың табиғатын тамашалауға келушілер оны танып алыпты.

Қазір тауға қашап 4х2 метр көлемдегі Мемлекеттік Туды салып жатыр. Осылайша өзін патриот санайды
Ол қазір тауға қашап, көлемі 4х2 метр мемлекеттік Туды салып жатыр. Осылайша өзін патриот санайды
Шавкат Жортанов
Шавкат Жортанов

 

Шавкат Жортанов (суретте): «Тауға сурет салу (петроглиф) – бұл менің хоббиім. Таусыз өмір сүре алмаймын. Егер тау болмағанда мен өліп қалар ма едім. Қазір 50-ге жуық суретім бар. Енді Қазақстанның жалауын салып жатырмын. Биік жартаста аяқ асты болмайды. Интернеттегі достарыма көрсетіп, Қазақстанда туғанымды мақтаныш етемін».

Шавкат тауға сурет салудың қиындығы көп екенін айтады. Кейде қолындағы балға мен қашау түсіп кетсе, жерге қайта барып келеді. Арқанның үзілетін кездері бар. Жауынның кезінде аяқ таяды. Сонда да болса елуді алқымдаған жігіттің қимыл-қозғалысы ширақ. Қазір тауға қашап, көлемі 4 х 2 метрлік мемлекеттік Туды салып жатыр. Осылайша өзін патриот санайды. Мемлекеттік Туды салып біткен соң, Елтаңбаны тасқа бейнелемек. Осы арқылы бүгінгіні ертеңгі ұрпаққа тарих етіп қалдырмақ.

Ғалымжан Тойшиев

Камалдин Еркинов
Камалдин Еркинов

Камалдин Еркинов, Созақ ауданының тұрғыны:

– Таяуда біз Қошқарата тауына демалуға достарымызбен келгенбіз. Тау адамы Шавкаттың салған суреттерін көрдік. Әртүрлі мән мағынасы бар қияли суреттердің өзіндік тарихы бар деп ойлаймын.

 

 

 

 

Төлеген Кәрібеков
Төлеген Кәрібеков

Төлеген Кәрібеков, суретші:

– Тау адамының тауға салып жатқан Жалауы мен ертең салам деген Елтаңбасы ғасырдан-ғасырға біздің ұрпағымызға қалатын мәңгілік өшпейтін дүние. Мұндайды екінің бірі жасай бермейді.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=f7BK5weMtTk[/youtube]