4-11 қыркүйек аралығындағы жұлдызнама

Жақұт
Жақұт
Жақұт

Жақұт – алмастан кейінгі ең бағалы асыл тас. Химиялық формуласы «Al2O3».  Құрамындағы Fe, Tі иондары тасқа көк не көгілдір рең береді. Кристалдары қос пирамида, бөшке пішіндес болады. Тығыздығы 3,9 – 4,1 г/см3. Тарихтағы ең белгілі жақұт кристалдары Шри-Ланка, Мьянма және Үндістан жерінде табылған. Қазіргі кезде жақұт Австралияда көп өндіріледі. Қазақстанда Қарағанды облысындағы Шешенқара, Жәнет, Сымтас, Семізбұғы кен қазбаларында кездеседі. Жақұт зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Жасанды жолмен алынатын синтетикалық түссіз жақұт кристалдары микроэлектроникада, техникада, т.б. салаларда қолданылады.

Жұлдызнама (04.09-11.09)

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. 

Бұл аптада Тоқтылар бойындағы қажыр-қайраты мен күш-қуатын қимыл-қозғалысқа жұмсағаны абзал. Таза ауада серуендеп, бау-бақша жұмысымен көбірек айналысыңыз. Әріптестеріңізбен кикілжіңге келмегеніңіз жөн.

Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. 

Үнемі ақша, махаббат, атақ, байлық жетіспей жүретін Торпақтардың бұл аптада айы оңынан туады. Маңызды құжатқа қол қоймас бұрын, жақсылап ойланып алғаныңыз жөн. Аптаның екінші жартысында сүйіктіңізбен бірге саяхатқа шығуыңыз ықтимал.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.

Жұмысбастылықпен жүріп, үй шаруасынан қол үзіп қалған Егіздердің демалыс күндері шаруашылықпен айналысқаны жөн. Денсаулығыңызға да немқұрайлы қарамаңыз. Табиғат аясына шығып демалып, пайдалы ас ішіңіз.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. 

Бұл аптада «Қиындықтың бәрінен тез құтылу керек» деген ұранды ұстанғаныңыз абзал. Қаржыңызды ақылмен жұмсамасаңыз тақырға отырып қалуыңыз ғажап емес. Аптаның екінші жартысында көптен бері көрмеген достарыңызбен бас қосасыз.

Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. 

«Сабыр түбі сары алтын» деген мақалды естен шығармағаныңыз абзал. Тынымсыз, адал еңбегіңіз бағаланып, материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Бұл апта бағалы зат сатып алуға қолайлы болмақ. Салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз жөн.

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық. 

Нәзікжанды Бикештердің бұл аптада айы оңынан туса, ер-азаматтардың тығырыққа тірелуі мүмкін. «Үнемеген үйдей пәледен құтылады» деген қағиданы ұстансаңыз ұтылмайсыз. Қаражатыңызды ақылмен жұмсаңыз.

Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.

Аптаның бірінші жартысы бір қалыпты өтпек. Екінші жартысында жұмыс та той-томалақ та көбеймек. Демалыс күндері іссапарға шығуыңыз мүмкін. Ең бастысы спирттік ішімдіктен аулақ болыңыз.

Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.

Бұл аптада Сарышаяндардың алыс жолға шықпағаны ләзім. Маңызды келісімшартқа қол қоймағаныңыз да абзал. Көптен бері көрмеген туысқандарыңызбен бас қосудың реті түсіп тұр. Күйгелектене бермеңіз, денсаулығыңызды күтіңіз.

Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. 

Бұл аптада Мергендерді тосын сый күтіп тұр. Жұлдызшылардың пайымдауынша, бұл аптада материалдық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік бар. Жақын туысқандарыңыздың үйіне қонаққа барып, көңіл көтерудің реті түсіп тұр.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.

Денсаулығыңыз сыр беріп жүрсе, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. Жүйкесі тозып жүрген Тауешкілердің демалыс жариялағаны жөн. Қаржылай қиналсаңыз да, ешкімнен қарыз алмауға тырысыңыз.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. 

Сіздің жетістігіңізді көре алмаушылардың да бар екенін ұмытпағайсыз. Жақын тұтып жүрген адамыңыз сатқындық жасаса, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Апта барысында сүйіктіңізбен табиғат аясында демалып қайтудың реті түсіп тұр.

Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.

«Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледінің» кебін киіп жүрмеңіз. Жұмысбастылықпен жүріп, екінші жартыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз. Танымайтын кісілердің сөзіне сеніп, алаяқтардың құрығына ілініп қалмаңыз.

 

Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына!

«Қазақзергер» зергерлік бұйымдар салоны Ресей, Армения, Италия, Франция елдерінен әкелінген жоғары сапалы әшекей-бұйымдарды ұсынады. Тек «Қазақзергер» зергерлік бұйымдар салонында ғана жоғары сапалы әшекейлерді 20%-дық жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Асығыңыздар!

Мекенжайы: М.Дулати көшесі, 9 үй.