Шымкентте белгісіз біреу жергілікті тұрғынның басын таспен ұрған. Тастан таяқ жеген 63 жастағы жәбірленуші қайтыс болды.

Абай ауданы Полиция басқармасының жедел тергеу тобы аталған оқиға орнына жеткенде пайғамбар жастағы азаматқа тас лақтырған күдікті бой тасалап үлгерген.

Жедел іздестіру шараларының арқасында тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол 41 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Күдіктіге Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақпал Рысбаева