Шымкентте жол ортасына тас түсіріп, көлік қозғалысына кедергі жасаған ер адам жауапқа тартылды

26

Әл-Фараби ауданының тұрғындары полицияның 102 арнасына хабарласып, жергілікті азамат көшенің қақ ортасына тас түсіріп, жолды жауып қойғанын жеткізді.

Оқиға орнына аудан әкімдігінің, прокуратураның қызметкерлері мен полиция басқармасының басшы құрамы және жедел тергеу тобы барды.
Полицейлер ер адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолды түгел тазартты.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы “Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.