Кәріптас – палеоген-неоген кезеңдерінде өскен қылқан жапырақты ағаштардың шайырларынан түзілген органикалық қосылыс түріндегі минерал. Бұл тас сары, қызғылтқызыл, қоңыр түсті, жылтыр болады. Жарықты жақсы өткізеді. Шытынап сынады. Тығыздығы 1,0 – 1,1 г/см3. 150 градуста жұмсарады, 250 – 400 0С-та балқиды. Кәріптас қышқылы медицина препараттарында, сыр және зергерлік бұйымдарды жасауда қолданылады.
Жұлдызнама (25.09-02.10)
Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл.
Бұл апта Тоқтылар үшін қарбаласқа толы. Апта барысында іс-сапарға шығуыңыз мүмкін. Әріптестеріңізбен тіл табысқаныңыз абзал. Тығырыққа тірелсеңіз құрбы-құрдастарыңыздан көмек сұраңыз.
Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт.
Жұмыс бастылықпен жүріп отбасыңызды ұмытпағайсыз. Апта барысында маңызды шешім қабылдауыңыз мүмкін. Денсаулығы сыр беріп жүрген Торпақтардың дәрігерге көрінгені абзал.
Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.
Егіздердің бұл аптада айы оңынан туып тұр. Мол олжаға кенелесіз. Дегенмен қаржыны бей берекет жұмсасаңыз апта соңында қиналып қалуыңыз мүмкін. Демалыс күндерін отбасыңызға арнаңыз.
Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы.
«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақалды естен шығармаңыз. Қандай да бір істі бастамас бұрын жақсылап ой елегінен өткізіп алғаныңыз жөн. Ақшаны есеппен жұмсамасуға тырысыңыз.
Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас.
Күйгелектене бермеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Апта барысында өзіңізге демалыс жариялаңыз. Әріптестеріңізбен кикілжіңге келіп қалмауға тырысыңыз.
Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық.
Бикештер бір беткейлігімен екінші жартысын ренжітіп алуы мүмкін. Сүйіктіңіздің көңілін табу үшін аянып қалмаңыз. Демалыс күндері табиғат аясына шығып демалғаныңыз жөн.
Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.
«Еңбек етсең емерсің» деген қағиданы ұстанған Таразылар олжалы болмақ. Қызмет бабында бірқатар өзгерістер орын алуы мүмкін. Отбасыңызбен бірге табиғат аясына демалып қайтуға қолайлы апта.
Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.
Екінші жартысын кездестірмеген Сарышаяндардың махаббат айдынында айы оңынан тумақ. Жұмысбастылықпен жүремін деп, денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпағайсыз. Апта барысында той-томалаққа баруыңыз мүмкін.
Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат.
Бұл аптада Мергендердің сақ болғаны абзал. Алыс сапарға шықпауға тырысыңыз. Бос уақытыңызды біліміңізді жетілдіруге арнағаныңыз жөн.
Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.
Бұл аптада жеке өміріңізде де, қызметте де біршама өзгерістер орын алмақ. «Айтылған сөз атылған оқ» екенін естен шығармағаныңыз абзал. Демалысты отбасыңызбен өткізгеніңіз жөн.
Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас.
Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізіңіз. Құрбы-құрдастармен бас қосып, көңіл көтерудің сәті түсіп тұр. Денсаулығыңыз сыр берсе күтінгеніңіз абзал.
Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.
Бұл аптада ауыр жұмыс істемеңіз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Апта барысында қаржылық жағдайыңыз біршама жақсармақ. Демалыс күндері іс-сапарға шығуыңыз ықтимал.