«Айнаш» киіміңізді мұнтаздай етеді

«Айнаш» химиялық тазалау орны қыз-келіншектердің ең бірінші қолқанатына айналғандай. Жаз бойына сандықта жиналып тұрған күртеше, тоқыма жейделер мен сырт киімдерді қайта тазалаудан өткізу қажет. Ол үшін қаламыздағы «Айнаш» химиялық тазалау орны өз көмегін көрсетуге дайын. Мұндағы мамандар соңғы үлгідегі аппараттарға түрлі қоспаларды араластыру арқылы тозығы жеткен киімдерді бастапқы қалпына келтіреді.

 Ксения Иванова, жұмысшы: «Біздің химиялық тазалау орнында қысқы киімдерді тазалау науқаны жүріп жатыр. Біз арнайы фирмамен келісім-шартқа отырғанбыз. Ондағы мамандар бізге бағалы сырт киімдер, яғни, былғары тон, ішік сияқты киімдердің қалпын бұзбайтын әрі өңін жоғалтпайтын химиялық заттарды әкеледі.»

Кірді жаңа әрі заманауи технологиялармен жуатын орталықта өз ісіне жауапты білікті мамандар жұмыс істейді. Олар кез келген материалдан тігілген киімді мұнтаздай тазалайды.

vlcsnap-2013-10-31-14h46m22s168

«Айнаштағы» мамандардың басты ұстанымы – сапа. Әрі кез келген киімнің экологиялық жағынан қауіпсіз әрі таза болуына кепілдік береді. Тағы бір айта кетерлігі – көмекке зәру тұнынушы орталықтың қызметін үйде отырып-ақ пайдалана алады.